Тәрбиеленушіміздің «Спартанская Битва 8» турниріндегі жеңісі!
21 қараша күні Рудный қаласында жекпе-жектен «Спартанская Битва 8» атты ашық қалалық турнир өтті. Жарысқа алты жауынгерлік клубтың өкілдері қатысты.
Орталығымыздың тәрбиеленушісі Воронцов Артём өз клубының намысын абыроймен қорғап, жоғары спорттық дайындығын, мінезінің беріктігін, жеңіске деген жігерін және нағыз жауынгерлік рухын көрсетті. Артём үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, І орынға ие болды!
Артём «Спарта» жауынгерлік клубында тәжірибелі жаттықтырушылар Латыпкан Талғат пен Климов Сергейдің жетекшілігімен жаттығады.
Артёмді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – тынымсыз жаттығудың, табандылықтың, тәртіп пен алға қойған мақсатқа деген ұмтылыстың нәтижесі.
Артёмге алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер, өз күшіне деген сенімділік, жарқын жеңістер және кәсіби шеберлігінің шыңдала беруін тілейміз!
Тәрбиеленушімізді мақтан тұтамыз!
Победа нашего воспитанника на турнире «Спартанская Битва 8»!
21 ноября в городе Рудном состоялся открытый городской турнир по жекпе-жек «Спартанская Битва 8», в котором приняли участие представители шести бойцовских клубов.
Наш воспитанник Воронцов Артём достойно представил свой клуб и показал высокий уровень спортивной подготовки, силу характера, волю к победе и настоящий бойцовский дух. Артём провёл три поединка и одержал три досрочные победы, завоевав заслуженное первое место!
Артём занимается в бойцовском клубе «Спарта» под руководством опытных тренеров Латыпкана Талгата и Климова Сергея.
Поздравляем Артёма с блестящим результатом! Эта победа — результат упорных тренировок, настойчивости, дисциплины и стремления к поставленной цели.
Желаем Артёму новых спортивных достижений, уверенности в своих силах, ярких побед и дальнейшего профессионального роста! Гордимся нашим воспитанником!