rukzen
Воскресенье, 22 ноября 2026

ПРАЗДНИК БЕЛЫХ ЖУРАВЛЕЙ

ПРАЗДНИК БЕЛЫХ ЖУРАВЛЕЙ
 
Ежегодно, 22 октября, отмечают « Праздник «Белых Журавлей», созданный по инициативе дагестанского поэта Расула Гамзатова, автора текста знаменитой песни «Журавли». Праздник духовности, поэзии, праздник, который укрепляет многовековые традиции, культуру и дружбу народов многонациональной  страны.
Праздник Белых журавлей символизирует светлую память о павших солдатах на полях сражений в войнах и надежду на светлое мирное время.
Вчера, 22 ноября, в нашем Центре  прошел тематический день «День Белых Журавлей». Такие мероприятия учат детей социально значимым ценностям - гражданственности и патриотизму. В процессе активной творческой и познавательной деятельности у детей формируются нравственные качества личности.
В этот памятный день в наш Центр помощи детям пришли наши рудненские поэты: Нургалиев Талгат, Кейдия Валентина и Банчужная Галина. Дети были очень рады встрече, так как эти поэты постоянно приходят к нам на литературные встречи,  участвуют в конкурсах стихов в качестве жюри, знакомят  со своими новыми стихами и сборниками. Дети услышали новые стихотворения, посвященные войне, бойцам и военным событиям. Особенно понравилось стихотворение Талгата Нургалиева «Война». Незабываемое впечатление оставило у слушателей стихотворение Банчужной Галины, которое она посвятила своему родственнику, воевавшему  на фронте.  Красивое стихотворение сочинила и прочитала наша воспитанница Булдина Пелагея за которое ей вручили Сертификат. Поэты познакомили наших воспитанников с новыми сборниками своих стихов.  Все вместе с удовольствием сфотографировались и поэты пообещали и впредь приходить к нашим воспитанникам на литературные вечера.
 
 
АҚ ТЫРНАЛАР МЕРЕКЕСІ
 
Жыл сайын 22 қазанда Дағыстан ақыны, әйгілі «Тырналар» әнінің мәтінінің авторы Расул Ғамзатовтың бастамасымен дүниеге келген «Ақ тырналар мерекесі» аталып өтеді. Бұл – руханият пен поэзия мерекесі, көпұлтты ел халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін, мәдениеті мен достығын нығайтатын мереке.
Ақ тырналар мерекесі соғыс жылдарында майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтаудың жарқын белгісі және бейбіт болашаққа деген үміттің нышаны.
Кеше, 22 қарашада, біздің Орталығымызда «Ақ тырналар күні» атты тақырыптық іс-шара өтті. Мұндай іс-шаралар балаларды азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сияқты әлеуметтік маңызы зор құндылықтарға тәрбиелейді. Белсенді шығармашылық және танымдық іс-әрекет барысында балалардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
Бұл естелік күні біздің Балаларды қолдау орталығына рудныйлық ақындарымыз: Талғат Нұрғалиев, Валентина Кейдия және Галина Банчужная қонаққа келді. Балалар ақындармен кездескендеріне қуанды. Себебі олар біздің әдеби кездесулерімізге үнемі қатысып, өлең оқу байқауларында қазылар алқасының мүшесі ретінде төрелік етеді, өздерінің жаңа өлеңдерімен және жыр жинақтарымен таныстырады.
Балалар соғысқа, жауынгерлерге және әскери оқиғаларға арналған жаңа өлеңдерді тыңдады. Әсіресе, Талғат Нұрғалиевтің «Соғыс» атты өлеңі балаларға ерекше ұнады. Галина Банчужнаяның майданда соғысқан туысына арнаған өлеңі тыңдаушылардың жүрегінде өшпес әсер қалдырды.
Тәрбиеленушіміз Пелагея Булдина да әдемі өлең шығарып, оны көпшілік алдында мәнерлеп оқыды. Осы еңбегі үшін оған Сертификат табыс етілді.
Ақындар тәрбиеленушілерімізді өздерінің жаңа өлең жинақтарымен таныстырды. Кездесу соңында барлығымыз бірге қуана-қуана естелік суретке түстік. Ақындар алдағы уақытта да тәрбиеленушілеріміздің әдеби кештеріне келіп тұруға уәде берді.
 
Опубликовано в Новости