Қайта-қайта оралғың келетін орындар болады. Рудный қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасы осындай орынға айналды, онда олар жазғы демалыстарын өткізеді.
Бұл жолы күз балаларға таныс және жылы атмосфераға оралуға тағы бір мүмкіндік берді!
Екі күн бойы үздік тәрбиеленушілер өздерінің жетістіктері, ынталары үшін көтермелеу ретінде демалыс базасына барып қайтты.
Балалар үшін қызықты квест, караоке, дискотека, фильм тамашалау, дәмді тағамдар мен күзгі орман атмосферасында жайлы кеш дайындалды.
Бұл екі күн жаздың қуанышқа, күлкі мен жағымды естеліктерге толы шағын жалғасы болды.
Балалық шақтағы ең құнды сәт - өзіңмен ұзақ жылдарға қалатын бақытты сәттер екені сөзсіз!
ОСЕННИЕ КАНИКУЛЫ В ЛЮБИМОМ МЕСТЕ!
Есть места, куда хочется возвращаться снова и снова. Для воспитанников Центра поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах, города Рудного таким местом стала база отдыха имени генерала Бакирова, где они проводят свои летние каникулы.
В этот раз осень подарила ребятам ещё одну возможность вернуться в знакомую и тёплую атмосферу!
На два дня лучшие воспитанники отправились на базу отдыха в качестве поощрения за свои достижения, старания и успехи.
Для ребят подготовили насыщенную программу: увлекательный квест, караоке, дискотеку, просмотр фильма, вкусные угощения и уютный вечер в атмосфере осеннего леса.
Эти два дня стали маленьким продолжением лета, наполненным радостью, улыбками и приятными воспоминаниями.
Ведь самое ценное в детстве — это счастливые моменты, которые остаются с нами надолго!