ДЕНЬ ПОЖИЛОГО ЧЕЛОВЕКА, ДЕНЬ УЧИТЕЛЯ, ДЕНЬ ТРУДА И ДЕНЬ ПРОФСОЮЗНЫХ РАБОТНИКОВ
Бүгін біздің орталығымызда бірнеше ұрпақ пен түрлі мамандық иелерін біріктірген жарқын әрі әсерлі мереке өтті!
Біз бірден төрт айтулы мерекені атап өттік: Қарттар күні, Мұғалімдер күні, Еңбек күні және Кәсіподақ қызметкерлері күні.
Мерекенің ерекше сәті — педагогтерді Қостанай облысының әкімі, облыстық білім басқармасы, облыстық кәсіподақ және орталық директоры атынан Алғыс хаттармен марапаттау болды.
Мереке жылулыққа, құрметке, алғысқа және көтеріңкі көңіл күйге толы өтті. Еңбегі, қамқорлығы және ортақ іске қосқан үлесі үшін баршаңызға алғысымызды білдіреміз! ❤️
Сегодня в нашем центре прошёл яркий и душевный праздник, объединивший несколько поколений и профессий!
Мы отметили сразу четыре значимых события: День пожилого человека, День учителя, День труда и День профсоюзных работников.
Особую торжественность мероприятию придало награждение педагогов благодарственными письмами от Акима Костанайской области, областного управления образования, областного профсоюза и директора центра.
Праздник прошёл в атмосфере тепла, уважения, благодарности и хорошего настроения. Спасибо всем за труд, заботу и вклад в общее дело! ❤️