rukzen

Қоршаған ортамен таныстыру ашық сабақ,ересектер тобында

Қоршаған ортамен таныстыру ашық сабақ,ересектер тобында.

Тақырып: «Қар ,мұз, судың қасиеттерімен таныстыру»
Мақсаты: Балалардың қар,мұз,судың қасиеттері туралы білімін қенейту.Қар,мұз,жылудан ериді,де суға айналатынын тәжірибе арқылы көрсету.Судың аязда мұзға айналатынын көрсету.Балалардың қар туралы білімдерін бекіту,оның корғағыштық қасиетін көрсету.Сөйлеу кабілеттерін дамыту,бақылағыштық,қызығушылын арттыру.
Сөздік: айналады,қатады,ериді,фильтр,қыс,суретші аяз,тәжірибе
Сабақ барысы.
-Қараңдаршы ,бәрі қандай аппақ.
–Бұл- сиқыршы қыс,суретші сияқты барлығын ақ бояумен бояған.
-Адамдар қысты қалай атайды? (суретші,сиқыршы,аязды)
-Біз мынау аулада не көріп тұрмыз? (шырша,құстар ,көлді)
-Балалар,соншама қар қайдан алынған?
-Кім қар туралы жұмбақ біледі?
Жұмбақ қар туралы:
«Қолмен жасалмаған.
Тоқылған жоқ,пішілген жоқ»
Аспаннан жерге түсті» (қар)
-Не үшін қар керек?
Қар қорғайды ағаштарды,бұталарды,жәндіктерді суықтан тоңып үсіп қалмау үшін.
Ұлпалы көп қар-жақсы егін.
-Естеріңе түсіріндер мақал-мәтелдер қар туралы:
«Қыс-қысыларсың, « Қыста жерді жауып кетті
Жаз-жазыларсың» Ал көктемде ағып кетті»
-Қардың тағы бір касиетін білгілерін келеме?
Қыста біз жеңіл дем аламыз.Өйткені жауып тұрған қар аудан шан бөлшектерімен жерге түседі.Сондықтан ауа таза болады,адам таза ауамен дем алады.
–Біз оны казір тексеріп көреміз,зертханаға барамыз.
–Қар шынымен ауаны шаннан тазартанын көреміз.
–Ассистент қарды әкеліңдер.
–Қараңдар,ұстап көріңдер,жауап беріңдер.
–Қар қандай?(ұлпа,жұмсақ,суық)
-Естеріңе түсіріп қар туралы жұмбақтар айтыңдар.
Көктен түсіп көбейді, Шекер сау-сау төгіледі
Ұқсайды өзі шекерге Аума- жолдар көмледі (қар) Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге. (қар)
Мамықтай ұлпа, Ақ әлем-Бәрі әсем, Қантай ақ, Кіршіксіз қар әсем, Қыста жер бетін басады, Суретші көзімен
Жазда сайға қарай қашады (қар) Бір сәтке қара сен.

-Мынау тәрелкедегі қарға не болды?
-Неге ол еріп кетті?
-Су қандай?
-Неге су кір?
Менде зертхана фильтр бар(көрсету)
Казір біз суды фильтрдан өткіземіз.
Қорытынды:
Қар туралы не айтуға болады?
Ауаны тазартады шаннан,қар жылы жерде,суға айналады.
Біз білеміз қар жерді қорғайды,ағаштарды,жәндіктерді жердің астында жатқан.Көктемде қар ериді,жерді суарады.
–Ал енді тағы бір тәжірибе,табыңдаршы немен?
Жұмбақ:
«Қыста шыны боп қатады
Жылыда су боп жатады» (Мұз)
-Ассистент мұзды әкеліңдер.
Ұстап,көріңдер және айтыңдар:
-Мұз қандай?(суық,жылтыр,сырғанақ)
-Мұзды жару (нәзік) мұзды салыңдар.
–Неге сендердің қолдарың су? (мұз жылы жерде ериді,суға айналады)
-Қалай ойлайсыңдар мұзды қайдан алды?
Мұз туралы жұмбақ айтыңдар?
«Отқа жаңбайды,суға батпайды»
Біз оны қазір тексеріміз: Мұзды су бар банкіге саламын (жүзеді,батпайды)
шырақ жағамын, мұзды от үстінен ұстаймын- шырақ сөнеді.
-Неге шырақ сөнеді? (жылудан,мұз ериді,су өтті сөңдіреді)
Қорытынды: Мұз туралы не айтуға не болады? Жылудан ериді суға батпайды,отқа жаңбайды,тайғақ,суық,жылтыр нәзік.
Сендер маған айтыңдар,су қатады мұзға айналады.Солай ма екенін біз қазір тағы бір
тәжірибе өткіземіз.
Бізде үстел үстінде банқада су.
Ұстап көріңдер, су қандай? (сүйіқ,мөлдір) Ал енді суға бояуды құямыз.
–Не болды?
-Суды мынау пішіндерге құямыз ортасына жіп саламыз.
–Не істеу керек су қатты қалу үшін?
Далаға серуенгебарғанда алып шығамыз.
-Рефлексия.
Біздің лабораторияда бүгін не білдіңдер? (қар мен мұз жылыдан ериді,суға айналады,су аязда қатады,мұзға айналады)