rukzen

Іс-әрекетінің физиологиялық белсенділігін дамыту мен қалыптастыру

«Күз»
Мақсаты:Балалардың дамуын ұйымдастыру.
Тапсырмалары:Ағаштардың күз мезгіліндегі құбылысын балаларман бекіту. Балаларды жүгіруге жаттықтыру,төзімділікті тәрбиелеу.Балалардың таза болу және ауласын таза үстау әдетін туындау,баршаға пайда әкелетін жұмыс істеуді қалау.
Құрал сайман:Балалар тырнауыш,сыпырғыштар,шелектер,тележка жапырақ тасуға.
Кіріспе бөлімі:Киіндіруді ұйымдастырамын да балаларды серуендеуге шығарамын.
Серуенде балаларға жұмбақ жасырамын.
-Жаңбыр жауып,
-Жер сабыр,
-Шөп жапырақ солады
-Бұл қай кезде болады? (күз)
Балалар казір қандай жыл мезгілі? Қандай ай? (күз,қазан) Қанша күз айы бар? Олар қалай аталады?(қыркүйек,қазан,қараша)
Негізгі бөлім:
2.1Күзгі ағаштарды бақылау.
Өлең оқу.
Сап-сары ала жапырақ Сап-сары ала атырап Сәл тербесе самал жел Түсіп жатыр жапырақ.
Балаларға сұрақ қоямын:
-Ағаштар күз келісімен қалай өзгереді? -Барлық ағаштар өзгерді ме? -Күзгі жапырақтын түсуі қалай аталады? (жапырақ түсуі) -Жапырақтарға не болды? -Олардың түсі өзгерді ме? -Күзгі жапырақтар қандай түсті болады? -Олар неге өздерінің түсін өзгертеді? (күн сәулесі аз, күн суық,ағаштар жапыраққа шырын бермейді)
2.2. Дидактиқалық ойын: «Қай ағаштан жапырақ түсті»
Еменнен-емендікі Шетенен-шетендікі Теректен-теректікі Қайыңнан-қайындықы Үйіңкіден-үйінкінікі
2.3.Қимылды –қозғалыс ойын: «Айгөлек»
Аз қимылды ойын «Теңіз толқындары»
Жеке қимыл жаттығулары:
«Шығыршықтан-шығыршыққа секіру»
2.4Еңбек «Жапырақты жинау»
Балалармен бірге жинайтын аулаға барамыз.Балаларға тырнауышты,сыпырғыштар,шелектер беремін. Қызығушылыққа шақыру үшін мен бірнеше әдеби сөздер айтамын:
«Еңбек етсең ерінбей « Адамды адам еткен еңбек» Тояды қарның тіленбей»
Жұмыс барысында ұйымдастырып,дұрыстапжатамын ,жұмыс сапасын орындалуына көз саламын.
Серуенің аяталуы:
Балаларды шақырып,сұрақ қоямын.
-Балалар бүгін сендерге не ұнады? -Неге?