rukzen

«БЕСІК ТОЙЫ» Тәрбиеші:Ермұханбетова Д.А

Бесік тойы

Мақсаты: Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру,қазақ халқына деген сүйіспеншілігінен арттыру.Үлкенді сыйлау,қонақжайлық,балажандылық емес,яқты мінез-құлық қазаққа ғана емес,бүкіл адам балалының көпшілігіне тән екенін ұғындыру.

Көрнекілік: Бесік,бесіктің жасау-жабдықтары, бесік-көрпе,шапан,тон,жабу,жүген кебенек,қамшы,білезік,сақина,жүзік,көйлектік мата,той бастарға орамалдар.

Тәрбиелік бағыттамасы:

1. «Бесік тойы», «Бесік»туралы мәліметтер.

а) үй иесінің сөзі,қонақтардың сөзі,сыйлық әкелу.

ә)бесікті аластау

б ) Көрініс: «Бесікке салу»

в )бесікке 7 түрлі нәрсе жабу:өлең «Әлди,әлди ақ бөпем»

г )тілек айту

ғ )тыштыма жасау

д )бата беру

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:Қазақ халқы мал бақ,кәсіп ет,ел-жқртыңды жаудан қорға деген

ойын бесікте жатқан нәрестенің ақыл-кеңес,тілек етіп білдірген.Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулыған,оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ел дәстүрінің озық түрі болған.

Қонақты күтіп алу рәсімі:

Үй иесі: Шал Гриша: «Құтты қонақ келсе,қой егіз табады»-ендеше қош келдіңіздер,төрлетіңіздер.Құтты қонақ болыңыздар!»

Қонақтар:Валя-Тойларыңыз құтты болсын!

Витя-Ұзағынан болсын!

Тимофей- Сәбидің бауы берік болсын!

Келін Надя:- Төрлетіңіздер,төрлетіңіздер,отырыңыздар!

Әмина кемпір -Алена:Қонақтардың бәрі жиналып қалыпты,тойымызды бастайық.Ежелгі ата-бабамыздың дәстүрі бойынша мына дүниеге келген сәбиімізді бесікке салу тойына шақырып отырмыз.Бесікке салу рәсімін,еліміздің сыйлы анасы Нағима әжейге берейік.

Нағима әже-Настя:Ой,көп рахмет!Салсам салайын.Кәне,бесік қайда ?Бала қайда?

Әмина кемпір -Алена:-Келін,бесікті әкел !

Аластау:

Нағима әже:

-Алас,алас,баладан алас,

Иесі келді,пәледен көш!

Алас,алас,пәледен алас,

Көзі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғаннан алас,

Отыз омыртқаннан алас,

Пәле-жала,жын-шайтан,

Тіл-көзден сақтасын.

Нағима әже: Келін,баланы әкел!

Келін: (Анасы бесік жырын айтып баласын алып келеді)

Мойындағы тұмарым,

Тарқалмайтын құмарым

Тағдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке салсам деп,

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным,

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой

(Баланы бесікке бөлеп 7 нәрсе жабады)

Қамшы салғаным-елін қорғайтын батыр болсын

Шапан жапқаным-халқына қадірлі болсын

Тыштыма салады: құрт,бауырсақ,ірімшік,қант,кәмпит,күміс ақша.Бесіктің түбек қоятын тесігінен төмен өткізіп,бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді.

Нағима әже-Настя:Тыштыма,тыштыма

Қонақтар-Тышты,тышты

Нағима әже-Настя:

Әлди,әлди,ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем

Қонақ келсе қой бөпем

Қой семізін сой бөпем!

-Келін,балаңды ала ғой.

Жүргізуші:

-Тойымыздың дастарханына келіңіздер

Қолға су құяды:

а )қолға сүлгі тастау

ә )сарылдатпай су құю

Қонақтар:

Вера-Еліне қадірлі бол!

Оля-Ойлаған мақсатына жет!

Келін Надя:Дастархан жаяды.Бауырсақ,кәмпит,құрт т.б қойылады.Шай құйылады.

Бата беру:

Аламан болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін!

Қос батырдай көрікті,

Ғұмыры болсын берікті.

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын жан-жақты.

Осы айтқандар қабыл болып,

Алла берсін зор бахыт!

Жүргізуші:

-Кәнеки,ағайындар,той бастаңдар!

Ал,кәнеки жолдастар

Шық біреуін той бастар

Той дегенде немене

Домалайды қу бастар

Бас,бас,басайық

Бесік тойын жас

Сырнай тартып,би билеп

аққан судай тасайық.

Қонақтар:

Саулық-айтқан қауымға

Той басталды ауылда

Осында үлкен-кішіде

Ағайын туыс,бауыр да

Тойын тойға ұлассын

Салған әнін қыр ассын

Әнін берсін Күләштің

Сәнің берсін Сәкенннің

Туысқандар-ай

Құтты болсын тойларын,

Сәтті болсын ойларың,

Баршаңызға бахытты

Баршаңызға шаттықты тілеймін

Мен тілеймін-ай

Әмина кемпір:-Жарайсың,міне тойбастарын.

Жүргізуші:-Кәне,ағайын,тойымызды ұлттық ойынымызбен жалғастырайық.Кәне «Көтермек»ойнайық.Мықты жігіттер ортаға шығындар!

Әмина кемпір:-Ал,құрметті бәйбіше,баламызды бесікке салып бердіңіз.Ауырмаңыз,деніңіз сау болсын.Мынау сіздің сыйлығыңыз.

Әже-Таня:-Ал,ағайын,кел демек бар,кет демек жоқ.Тойды осымен аяқтайық.Үй иелеріне құрмет көрсеткендері үшін көп рахмет.

Барлық қонақтар:

Ауылың сенің іргелі

Шай көйлегін бүрмелі

Айтарыңды айтып қал

Отырмыз ғой жүргелі

Қош бол сәулем көргенше

Уәдене берік бол

Мен сендікпін өлгенше

Жүргізуші:Бесіке салу дәстүрі осымен аяқталды.Келесі кездескенше сау болыңыздар.Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет!

Музыка ойнайды.